Saturday, November 22, 2008

Демократиялық партия кандидаты Барак Обаманың сайлау алды раллиі


Обаманың Кливлендтегі раллиіне 80 000 адам жиналды. Кешкі сағат 18.00-ге белгіленген раллиге халық түскі 13.00- ден- ақ шоғырлана бастады.
Сенбі-жексенбі күндері Кливленд, Американың өзге де (Нью-Йоркті қоспағанда. Оның жөні басқа) қалалары секілді босап қалады. Бірақ, бұл жексенбіде көшелер адамға лық толы болды.
Обаманың сайлау алды девизі «Өзгеріс», жаңа бағыт дегенге сай келеді. Жұрт оны «Yes, We Can» девизімен қошеметтеді.
Обама да салықты азайту мәселесіне көңіл бөлді.
Бірақ, екі кандидаттың салықты азайту мәселесі екі бөлек әлеуметтік топқа арналған.
Обама жылына 250 000 доллардан артық ақша табатын азаматтарға салынар салықты көбейтпек. Ол үшін бұл топтағы адамдар ауқатты болып есептелінеді.
«АҚШ-тағы орта бизнес өкілдерінің 98% жылына 250.000 доллардан кем пайда табады. Салық саясаты оларға әсер етпейді» дейді Обама.
МакКейн жылына 250 000 доллардан көп ақша табатын азаматтарды орташа топ деп есептейтіндіктен, оларға салынар салық көлемін азайтпақ.
«Америка—бизнесмендері ең көп салық төлейтін мемлекет. АҚШ- тағы бизнестің төлейтін салық көлемі түсіретін пайдасының 35% тең, Ирландияда бұл көрсеткіш бар- жоғы--11%. Салықты көп төлегісі келмегендіктен, Америка бизнесмендері өзге елдерде жұмыс істеп, өзге елдердің жұмыс күшін еңбекпен қамтамасыз етуде. Салық көлемін азайтсақ, олар елге келіп, жаңа жұмыс орындарын ашады, америкалықтардың өздерін жұмыспен қамтамасыз етеді» дейді МакКейн.

No comments: